Материалы

Мемлекеттік тілді үйренеміз 050623

«Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі», қазақтың халық мақалы. Экономикалық ілгерілеу біздің азаматтарымыздың игілігіне өздігінен кепілдік бере алмайды. Қоғамымызды құруымызға қарай азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салу керек. Бұл мақсатты іске асырудағы біздің стратегиямыз мынадай құрамдас бөліктерден тұрады:

Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкоголді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған. Жеткілікті құралдар болмай тұрған жағдайда ауруларға қарсы күрес пен денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеуден басталады. Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды, тазалық пен санитария ережелерін насихаттайтын пәрменді ақпараттық іс-шаралар жургізілуі қажет.

Сөздік

қоршаған табиғи орта – окружающая природная среда

тазалық пен санитария шараларын сақтау – соблюдение чистоты и санитарии

салауатты өмір салты – здоровый образ жизни

насихат – пропаганда

кәсіпкерлік – предпринимательство

санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер мен стандарттау органдары – санитарно-эпидемиологические службы и органы стандартизации

экологиялық нашар ахуал – плохая экологическая ситуация

(Ғаламтордан ықшамдалып алынды)