Поиск

Социальные сети

Погода

Партнеры

<< < Февраль 2023 > >>
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    1 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28          

Мемлекеттік тілді үйренеміз4

Дүкен аралау – ходить по магазинам

Әйелдер үшін бос уақытты өткізудің бір түрі – дүкен аралау.  Қолдары қалт етсе, дүкен аралауға дайын тұратын қыз-келіншектер қаншама.  Кеше Жұпарға құрбысы телефон соқты.

 – Жұпар, сәлем! Бүгін сенің қолың боспа?

– Жоқ, мен ертең демаламын. Не болып қалды?

 – Сен білесіңбе, «Мәскеу» дүкеніне жаңа киімдер түсіпті. Бағасы да қол жетімді екен. Соған барып қайтайықшы.

 – Жоқ, Сәуле осы аптада мен қатты шаршадым. Мен ертеңгі бос күнімде жақсылап демалайын деп едім. Ренжімей-ақ өзің барып келсең қайтеді?

 – Жұпар, ол киімдерді көргенде барлық шаршағаныңды ұмытасың, жаңа үлгідегі көйлектер, костюмдер бәрі-бәрі бар. Содан кейін сұлулық салонына барып, өзімізді тәртіпке келтіреміз. Барайықшы.

Жұпар амалсыз келісті. Ертесіне дүкен аралады. Шынында да киімдер ерекше екен. Өзіне әдемі көйлек сатып алды. Дүкеннен шыққан соң, шашын, тырнағын әрлендірді.  Іштей құрбысына риза болды. Ол болмағанда күні бойы үйде теледидар алдында жатуы ықтимал еді.

Сөздік

қолдары қалт етсе – если есть свободное время (фразеологизм)

дүкен аралау – ходить по магазинам

жаңа киімдер түсіпті – новое поступление

бағасы – цена

қол жетімді – доступная

қатты шаршадым – сильно устала

жаңа үлгідегі көйлектер – платья с новыми моделями

шаршағаныңды ұмытасың – забудешь об усталости

өзімізді тәртіпке келтіреміз – приведем себя в порядок

амалсыз келісті – вынуждена согласиться

ықтимал еді – возможно

Сөйлеп үйренеміз / Учимся говорить

Біздің дүкенге қош келдіңіздер! Добро пожаловать в наш магазин!

Рас па?Правда?  На самом деле?

Бізде  бәрі  бар  - У нас все есть

Барлығы  да сіздерге  арналған Все для вас

Қандай әдемі  зат! - Какая красивая вещь!

Бағасы  қанша? / қанша тұрады- ?Сколько  стоит?

Керек   пе  (Керек емес пе)?- Нужно (не нужно)?

Бізге  ең  жақсысын  көрсетіңізші- Покажите нам, пожалуйста, самое лучшее

Кассаға  төлейсіз - Оплатите в кассе

Ұсақ  ақшаңыз  бар ма? - У вас есть мелочь?

Екі  мың  теңге  жетпей  тұр - Не хватает две тысячи тенге

(ғаламтордан ықшамдалып алынды)