Поиск

Социальные сети

Погода

Партнеры

<< < Февраль 2023 > >>
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    1 2 3 4 5
6 7 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28          

Мемлекеттік тілді үйренеміз5

Менің бос уақытым

Менің бос уақытым көп болмайды. Кейде демалыс күндері  де жұмыс істеуге  тура келеді. Сондықтан әрбір  бос уақытымды тиімді әрі пайдалы өткізуге тырысамын. Таңертең ерте тұрамын. Сергек жүру үшін міндетті түрде  таза ауада таңғы жаттығулар жасаймын. Әсіресе табиғат аясында серуендегенді ұнатамын.  Бос уақытымды пайдаланып, үй шаруасымен айналысамын. Дәмді тамақтар пісіремін. Газет-журналдар оқимын. Ал менің сіңілім бос уақытында үйде отыра алмайды. Оған қала сыртына шығып демалған  ұнайды. Жолдастарымен театрға, киноға барады. Қонаққа барғанды, музыка тыңдағанды, би клубтарында болғанды жақсы  көреді. Суретке түсірумен әуестенеді. Ол қаланы жақсы  біледі. Сондықтан үйге келген қонақтарды қаланың әдемі жерлерімен таныстырып, оларды суретке  түсіреді.

Сөздік

көп болмайды – немного

кейде – иногда

сондықтан – поэтому

әсіресе – особенно

табиғат аясында – на лоне природы

өткізуге тырысамын – стараюсь проводить

тиімді – выгодно

пайдалы – полезно

міндетті түрде – обязательно

сергек жүру – ходить бодро

серуендегенді  ұнатамын – нравиться  гулять

суретке түсіру – фотографировать

әуестенеді – увлекается

- Сіз қай жерде демалғанды ұнатасыз? – Где вы любите отдыхать?

- Сіз жүзе білесіз бе? – Вы умеете плавать?

- Сіз қай елге барғанды қалайсыз? – Вы куда хотите поехать?

- Сіз бос уақытыңызды қалай өткізесіз? – Как вы проводите свободное время?

- Сіз нені ұнатасыз? – Что вы любите?

Мақалды оқып, жаттап алыңыз. / Прочитайте пословицу, выучите ее.

  Тыста ұзақ жүргенің – Ұзақ өмір сүргенің.

   На свежем воздухе долго быть – долгую жизнь прожить

(Ғаламтордан ықшамдалып алынды)