Мемлекеттік тілді үйренеміз6
- Подробности
- Дата публикации
- Автор: Super User
- Категория: Образование
- Просмотров: 348
Жеке тұлғаның қоғамдағы орны
Жеке тұлға – индивидтің әлеуметтік маңызды сапалар жүйесі,оның әлеуметтік құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды іске асыру қабілеттері. Жеке тұлға ретінде адам өзінің санасының даму деңгейімен,өз санасын қоғамдық санамен сәйкестендіруімен сипатталады.Жеке тұлға-қоғамдық мәні бар адам. Кез келген адам өмірге индивид болып келіп, тек саналы қоғамдық және еңбек іс-әрекеттері арқылы ғана жеке тұлғаға айналады.
Тұлғаның басқадан айырмашылығын көрсететін белгілердің жиынтығы, сонымен қоса қабылдау негізінде алынған жобаның жиынтығы оның мәнін даралық ретінде анықтайтын ерекшелігін білдіреді. Содан болар оның психо-физиологиялық қызметі өзінің адамзат популяциясына қатыстылығын, өзі туралы пікірін, табиғат құбылыстары жайлы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.
Жаңа сөздермен танысыңыздар:
Жеке адам, тұлға - личность
Жеке адамдық ерекшеліктер- особенности индивидуальные
Аңғарылған түрткілер- мотивы осознанные
Даралық даму- развитие индивидуальное
Даралық сана- сознание индивидуальное
Есте қалдыру түрлері -виды запоминания
Жеке адамның қасиеттері-качества личности
Жеке бас ерекшеліктерін ескеру – учет индивидуальных особенностей
Жеке бастық дүние таным- мировоззрение личности
Мақалды оқып, жаттап алыңыз. / Прочитайте пословицу, выучите ее.
Туа білмейді, жүре біледі. Знания не даются от рождения, а приобретаются на протяжении всей жизни.
Ердің атын еңбек шығарады. Имя джигита трудом его прославляется.