Поиск

Социальные сети

Погода

Партнеры

<< < Февраль 2023 > >>
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 23 24 25 26
27 28          

Мемлекеттік тілді үйренеміз7

ӨМІРБАЯН

       Мен, Марат Дәулетұлы Тағаев, 1963 жылы 1 мамырда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында тудым. Ұлтым – қазақ. 1970 жылдан 1980 жылға дейін Нарынқол орта мектебінде оқыдым. 1980 жылы Қазақ политехника институтының компьютерлік техника факультетіне оқуға түстім. Институтты бітіргеннен кейін 1985 – 1988 жылдар аралығында Ғылыми-жобалау институтында жұмыс істедім. 1988 жылғы 1 қыркүйекте Қазақ политехника институтының металлургия өнеркәсібі кафедрасына ауыстым. Қазір осы кафедраның аға оқытушысымын. Ата-анам бар: Әкем Тағаев Дәулет – Ұлы Отан соғысының ардагері, құрметті зейнеткер; анам – Тағаева Сатылхан – ұзақ жылдар бойы Нарынқол орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді. Үш балам бар, олар орта мектепте оқиды.

Әскери қызметке міндеттімін. Аға лейтенанттық әскери шенім бар.

Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс, ұйғыр және ағылшын тілдерін жетік білемін. Компьютерлік бағдарламаларды толық меңгергенмін, Интернетте жұмыс істей аламын.

Мекен-жайым: Семей қаласы, А.Байтұрсынов көшесі, 177 үй.

Сөздік

жеке қасиеттері – личные качества

қызығушылығы – интересы (хобби)

тілдік дағдылары – владение языками

жауапкершілік-ответственность

мақсаттылық– целеустремленность

адамдармен қарым - қатынас орнатуға бейімділігі – коммуникабельность

алға қойған міндеттерге шығармашылық қөзқарас – творческий подход к выполнению поставленных задач

білімі- образование

мамандық - специальность

жұмыс орны - место работы

мамандану - специализация

бұрынғы жұмыс тәжірибесі - предыдущий опыт работы

шет тілдерін білу дәрежесі - владение иностранными языками

жеке басының қасиеттері - личные качества  

әуестігі (құштарлығы, қызығушылығы) - увлечения

қабылдануы мүмкін лауазым - предполагаемая должность

нөлдік деңгейден басталып - начиная от нулевого положения

жаңа жолдан басталады - начинается с новой строки

Мақалды оқып, жаттап алыңыз. / Прочитайте пословицу, выучите ее.

Тілі қатты, көңілі қатты.     На языке мед, а под языком лед.

Кісіні сөзінен емес, ісінен таны.    Не по словам судят, а по делам.