Поиск

Социальные сети

Погода

Партнеры

<< < Март 2023 > >>
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Мемлекеттік тілді үйренеміз9

ӘНШІЛІК ӨНЕР

Қазақ халқының дәстүрлі өнеріне ұлттық музыкалық аспаптар домбыра мен қобызда орындалатын халық әндері мен күйлерін жатқызуға болады.

Қазақ халқының әншілік дәстүрлі өнері :Арқа әншілік дәстүрі, Батыс Қазақстан әншілік дәстүрі, Жетісу әншілік дәстүрі, Сыр өңірі әншілік дәстүрі болып бөлінеді. Өнер адамдары ерекше келеді.

Қазақ халқының мерей тұтып, мақтаныш етер асыл мұрасы, рухани жәдігерліктері ішінде замана сүзгісінен өтіп, бүгінгі ұрпақтың еншісіне егжей-тегжейлі жеткен ән қазынасы қашаннан дәстүрлі өнердің қаймағы саналады. Дәстүрлі ән үлгілері ежелден ғұрыптық әндер, халық әндері, кәсіби халық композиторлары шығармалары болып, баға жетпес құндылықты құрайды. Қазақтың әншілік өнері жанрлық сипаты жөнінен алуан түрлі. Қазақтың фольклор танушылары мен музыка зерттеушілері қазақтың дәстүрлі ән өнерін тұрмыс –салтқа байланысты ғұрыптық әндер, халық әндері және кәсіби әндер деп жіктеп қарастырып жүр.

Ғұрыптық әндердің өзі – бесік жыры, тойбастар, беташар, жоқтау, көрісу, сыңсу, жар-жар, жарапазан болып, тармақталса, әншілік өнердің кең өріс алған кезінде пайда болған кәсіби ән өнері- халық әндері (анонимды-авторлық) және кәсіби халық композиторларының әндері болып саналады.

Қазақ халқы ән мен күйге аса бай халықтардың бірі. XIX ғасырдағы қазақтың музыка мәдениетін зерттеушілер қазақта мың ән, бес жүз күй барлығын жазған болатын. Қазақтың музыка мәдениеті дәуірден дәуірге дамып келді, қазақ халқы ән мен күйге аса құмар халық.

СӨЗДІК

дәстүрлі өнер-традиционное искусство

ән-песня

тарихи- исторический

ойналады - исполняется

зерттеуші- исследователь

халық әндері- народные песни

тұрмыс-быт

тақырып-тема

мазмұн-содержание

ұлттық музыкалық аспаптар - народные музыкальные инструменты

Мақалды оқып, жаттап алыңыз. / Прочитайте пословицу, выучите ее.

Бақытыңды  жоғалтқан жерден іздеме. - Никогда не ищите свое счастье там, где вы его однажды потеряли.

(Ғаламтордан ықшамдалып алынды)